Аргентинада төрт қарақшы бір қаланы түгел тонаған

Фотография - Аргентинада төрт қарақшы бір қаланы түгел тонаған

1800 тұрғыны бар Бернардо-де-Иригоен қаласын небәрі төрт адам тонаған.

398 0

Қарулы топ Санта-Фе провинциясындағы шағын қаланы түгін қалдырмастан тонап кетті. 

Баукеспе ұрылар жергілікті мэрия, банк, пошта бөлімшесі, сот және тіпті, полиция бөлімшесін үптеген, деп хабарлайды жергілікті БАҚ. 1800 тұрғыны бар Бернардо-де-Иригоен қаласын небәрі төрт адам тонаған. 

Бастапқыда олар полиция бөлімшесіне баса-көктеп кіріп, олардың бүкіл қару-жарағын сыпырып алып, өздерін бір бөлмеге қамап кеткен. 

Ұрылар барлығы 16 мың АҚШ доллары тұратын дүние-мүлікті тонапты. Олардың ізінен қуған полиция қылмыскердің біреуін атып өлтіргенімен, қалған үшеуі қолға түспей, сытылып кеткен.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!