Қызылордада әкімдік алдында жастар төбелсіп, оқ атқан

Фотография - Қызылордада әкімдік алдында жастар төбелсіп, оқ атқан

Кадрларда шамамен 20-ға жуық жас жігіттің бір-бірін балағаттап, тас лақтырғаны анық көрінеді

331 0

Қызылордада бір топ жігіт тура қала әкімдігінің алдында төбелес шығарып, кейін бір-біріне оқ атты.

Мына кадрларда шамамен 20-ға жуық жас жігіттің бір-бірін балағаттап, тас лақтырғаны анық көрінеді. Кейін бірнеше рет оқ атылып, төбелес шығарғандардың барлығы жылдам із суытқан. Оқиға кеше күндіз болыпты. Мәліметтерге қарағанда, студенттер арадағы кикілжіңді осылай жұдырықпен шешпек болған сыңайлы. Ал, жергілікті полиция тура әкімдік алдындағы атыстан хабарсыз. Видеоны ғаламтордан көріп, тергеуге кірістік дейді олар.

Гүлжахан Қайырбекова, Қызылорда облыстық ІІД ресми өкілі:

"Фейсбук" әлеуметтік желісінде жүктелген бейнематериалға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда аталған дерек Қызылорда облыстық ІІД сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіміне тіркелді.





ktk.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!