Иранда 1 жылда 525 тонна есірткі тәркіленді

Фотография - Иранда 1 жылда 525 тонна есірткі тәркіленді

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға көп

166 0

Иранда соңғы 12 айда есірткіге қарсы полиция қызметкерлері 525 тонна есірткі тәркіледі. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлайды.

"Иранда жыл соңында (21 наурызда аяқталады) 525 тонна есірткі тәркіленді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға көп", – деді қауіпсіздік қызметінің мамандандырылған бөлімшесінің басшысы Әли Мойеди.

Тәркіленгендердің 400 тоннасы опиум болса, 75 тоннасы гашиш. Ал қалғандары героин мен морфин. Адам өмірі үшін қауіпті шөпті әкелген бірнеше қылмыскердің ісі анықталды. Арнайы операция кезінде заңсыз жолмен есірткі тасымалдаған 61 адам мерт болды.

Әли Мойедидің айтуынша, арнайы операция жұмыстары көбіне Иранның шығысындағы Ауғанстан және Пәкістан елдерімен шекаралас жатқан Систан Белуджистан провинцияларында өткен. Соңғы бір жыл ішінде бұл аймақта есірткі тасымалдаушылар 100 пайызға артқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!