Ереванда ескі архитектуралық ғимараттар бұзылады

Фотография - Ереванда ескі архитектуралық ғимараттар бұзылады

Қирандылардың орнында бұрын 2 қабатты көпестің зәулім үйі болған. Қожайыны қонақжай әрі ауқатты еді.

345 0

Армения астанасындағы XIX ғасырға жататын ескерткіштер бұзылады. 

Қаланың тарихи орталығындағы ғимараттардың сүрілуіне байланысты билік өкілдерінің шешімі халық арасында пікірталас тудырды. Билік басындағылардың айтуынша, жаңа аудан армян сәулетшілерінің архитектуралық стилінің жалғасы болады деп сендіруде. 

Қирандылардың орнында бұрын 2 қабатты көпестің зәулім үйі болған. Қожайыны қонақжай әрі ауқатты еді. Бұл ғимаратты 138 жыл бұрын Наира Аветянның арғы аталары тұрғызған. Содан бері бұл үйден бірнеше ұрпақ өсіп өрбіді. Қабырғалары қирап жатқан бұл ғимарат бірнеше дәуірді өткерді, бүгінде Ереван тарихының бір жәдігері. 

Наира Аветян, Ереван тұрғыны: 

- Менің атамның әкесі бұл жерді 15 алтынға сатып алып, сол үйді тұрғызған. Содан мирас болып, бізге дейін жетті. Үстіңгі қабатында қожайындар, астында қызметшілер тұрған. Мына жерде біздің өте әдемі ескі жиһазымыз тұратын еді. Менің әжем бұл жерде той жасайтын. 

4 жылдан кейін бұл кадрлар мұрағаттың бір бөлігі болып қалады. Билік өкілдерінің шешімімен Фавстос Бюзанд көшесіндегі 38 үй қиратылады. Армян астанасының орталығындағы көне ғимараттың орнына жаңа квартал бой көтереді. Оның жобасын сәлетші Левон Варданян жасады.  

Жаңадан тұрғызылатын ғимараттар ескі стиль бойынша салынады. Бұл – сәулетшінің басты мақсаты. Құрылыс жұмыстары 2 гектар жерде жүргізілетін болады. Левон Варданян, сәулетші: 

- Кез келген қала өздерінің тарихи жерлерімен қызықты. Адамдар Еуропаға барғанда ескі ғимараттарды тамашалайды. Ал жаңалары ешкімге қызықты емес. Біз Александр Таманянның қолтаңбасын қалтыруды ұйғардық. 

Архитектуралық ескерткіштердің ортақ базасын құрдық, ол ақпарат біздің арықарай жылжуымызға септігін тигізеді. Бұл архитектуралық тәжірибенің құны –150 миллион доллар. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 4 жылдан кейін аяқаталады.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!