Босқындар үшін Еуропаның есігі жабылды

Фотография - Босқындар үшін Еуропаның есігі жабылды

Ал Бельгия билігі өз аумағындағы шекаралық бақылау мерзімін 10 күнге ұзартты.

389 0

Еуроодақтағы 9 мемлекетте Шенген келісімінің күші уақытша тоқтатылды. Ал Бельгия билігі өз аумағындағы шекаралық бақылау мерзімін 10 күнге ұзартты. 

Естеріңізге сала кетейік, ресми Брюссель бұл қадамды шекарадағы босқындар нөпірінен сескеніп жасаған болатын. Оның үстіне таяуда Францияның Кале қаласындағы келімсектер лагері жабылған. 24.kz-тің хабарлауынша өткен аптадан бері Бельгия-Франция шекарасынан кейін қарай Францияға 290 адам қайтарылған. Жалпы Кәрі құрлық елдерінің басым бөлігі мигранттарды қабылдаудан түбегейлі бас тартып отыр. Бұл туралы Еуроодақ ұйымындағы лауазымды тұлғалар да ресми мәлімдеп келеді. Мәселен Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск Twitter әлеуметтік желісінде босқындарға Кәрі құрлыққа келмеу туралы пікірін білдірді. Жалпы Еуропаға өткен жылдан бері 2 миллионға жуық келімсек барған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!