Солтүстік Корея АҚШ пен Оңтүстікке ядролық шабуыл жасайтынын мәлімдеді

Фотография - Солтүстік Корея АҚШ пен Оңтүстікке ядролық шабуыл жасайтынын мәлімдеді

Солтүстік Корея АҚШ пен Оңтүстік Кореяға ядролық соққы береміз деп қорқытты.

453 0

 Пхеньян қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда осындай сұрапыл қадамға баратынын мәлімдеген.

Төртінші наурызда коммунистік елдің басшысы Ким Чен Ын жаппай қырып-жоятын қарулар кез келген уақытта қолдануға дайын тұрсын деген бұйрық берген еді. Ал Оңтүстік Корея мен АҚШ жақын арада өзара ынтымақтастық тарихындағы ең ірі бірлескен әскери оқу-жаттығуларын бастағалы жатыр. Бұл операцияның мақсаты Солтүстік Кореяға қыр көрсету екені анық. Шараға 15 мыңнан астам америкалық сарбаз бен 300 мың оңтүстіккореялық жауынгер қатысады деп күтілуде. Корея түбегіндегі жағдайдың ушығып бара жатқанынан 3 айдың жүзі болды. Барлығы 6 қаңтарда Пхеньян сутегі бомбасын сәтті сынағанын жарияланған кезден басталды.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!