Сирияда көкөніс базарын атқылаудан 14 адам көз жұмды

Фотография - Сирияда көкөніс базарын атқылаудан 14 адам көз жұмды

Құрбандардың барлығы – бейбіт тұрғындар

264 0

Сирияның Алеппо қаласында миноменттік және зымырандық атқылаудан 14 адам қаза тауып, 40-қа жуығы жарақат алды.

 Шабуыл күрдтер шоғырланған Шейх-Максуд ауданындағы көкөніс базарына жасалған. Әзірге экстремистік ұйымдардың ешбірі оны өз мойнына алған жоқ. Биыл 27 ақпанда үкімет әскері мен оппозициялық күштер арасында бейбіт бітім енгізілгеннен соң, содырлар Алеппоны атқылауды күрт үдетті. Оқ атпау келісімінің радикалдарға қатысы жоқ, сондықтан олар бекінген жерлерді бомбалау жалғасуда. Кейбір дерек көздері бойынша Сирияда бір аптаның ішінде 135 адам ажал құшқан.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!