Алты жасар бала – антитерроршылардың "қара тізімінде"

Фотография - Алты жасар бала – антитерроршылардың "қара тізімінде"

Алты жасар баланың есімі атақты лаңкестің есімімен бірдей болып шыққан.

380 0

Алты жасар Сайед Ахмед Адамның аты-жөні атақты бір лаңкеспен бірдей болғандықтан, балдырғанды Канада билігі білместікпен терроршылар тізіміне қосып жіберген. Осыдан бір ай бұрын Сайедті әуежайда жолынан қалдырып, ұшуға жібермей қалған.

Аталмыш оқиғадан соң көтерілген дау-дамай көпке созылған болатын. Ақырында Канаданың Жалпы қауіпсіздік министрі Ралья Гудеил  Сайедтің отбасына хат жолдап, "қара тізімді" құрастыру жұмысының сапасын арттыруға уәде берген еді. Сондай-ақ, ол авиокомпанияларға 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қосымша қауіпсіздік шараларын қолданудан аулақ болуға кеңес берген.

Дегенмен, министр сөзі арада айлар өткенімен, әлі орындала қоймаған. 4-наурыз күні туысқандарының тойына бармақшы болған Сайедтің ата-анасы онлайн тіркеу барысында балаларына ұшуға салынған тыйымның әлі күшінде екенін білген. 

muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!