Сомали әуежайында миналанған ноутбук жарылды

Фотография - Сомали әуежайында миналанған ноутбук жарылды

Жергілікті полицияның мәліметінше, жарылыс Беледуэйн қаласында болған.

264 0

Сомали әуежайларының бірінде миналанған ноутбук жарылып, алты адам жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті полицияның мәліметінше, жарылыс Беледуэйн қаласында болған.  

"6 адам жарақат алды, оның екеуі – полицей", - деді полиция өкілі Аби Дху Абди.

Айта кетейік, ақпан айының басында да белгісіз біреу Могадишодан Джибутиге ұшып шыққан жолаушылар ұшағына ноутбукке жасырып бомба алып кіріп, жарып жіберген болатын. Салдарынан әуе кемесінің корпусы ойылып қалып, ұшақ Сомали астанасының әуежайына қонуға мәжбүр болды. Жарылыс кезінде қаскүнемнің өзі ажал құшқан, жолаушылар дін аман.   




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!