Майкл Блумберг президенттік сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді

Фотография - Майкл Блумберг президенттік сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді

Ақ үйдің келесі басшысы кім болатыны 8 қарашадан кейін белгілі болады.

218 0

Нью-Йорктың бұрынғы мэрі әрі медиа алпауыт Майкл Блумберг АҚШ президенттігіне тәуелсіз үміткерлер ретінде қатыспайтынын мәлімдеді. 

Миллиардердің пайымдауынша саяси додада жеңіске жетуге мүмкіндік өте аз. Сондай-ақ республикалық партиядан президенттікке үміткерлер Дональд Трамп пен Тед Круздың жеңіске жетуін қаламаған Майкл Блумберг сайлауға түскен ешқандай үміткерді қолдамайтынын жасырмай айтты. Себебі ешқайсысы нақты мәселені шешетін ұсыныс жасап отырған жоқ және қолынан келмейтін іске уәде беріп жүр деп атап өтті. 

Айта кетейік, демократтар арасында бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон алда келеді. Ал республикалықтар арасынан миллиардер Доналд Трамптың мерейі үстем болды. Ақ үйдің келесі басшысы кім болатыны 8 қарашадан кейін белгілі болады.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!