Парижді су басып қалуы мүмкін

Фотография - Парижді су басып қалуы мүмкін

Париждің су тасқынына дайындалудан өзге амалы қалмады

328 0

Париж тұрғындары алапат су тасқынына дайындалып жатыр. Өйткені жергілікті билік бұл жолы 1910 жылғы жойқын тасқын қайталануы мүмкін деп сескенеді. Ол кезде толассыз жауған жауыннан қаланың үштен бір бөлігін су басып, жүздеген мың тұрғын баспанасыз қалған еді. Осы жолғы қауіптің күшейуіне байланысты қалада "Секуана-2016" деп аталатын халықаралық оқу-жаттығулары басталып кетті. Еуропаның түпкір-түпкірінен жиналған құтқарушылар халықты эвакуациялау әдістеріне машықтануда. Мамандардың болжамына сүйенсек, Париждің су тасқынына дайындалудан өзге амалы қалмады. Себебі онда үлкен мөлшердегі суды бөгеп сақтайтын қоймалар жоқ. Болжам бойынша 800 мың тұрғыны бар аумақ су астында қалуы мүмкін. Ал 1,5 млн адам электр жарығы мен ауыз судан ажырауы ғажап емес, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!