Еуроодақ пен Түркия босқындар мәселесінде келісімге келді

Фотография - Еуроодақ пен Түркия босқындар мәселесінде келісімге келді

Еурокеңес төрағасы Дональд Тусктің айтуынша Түркия мен Еуроодақ босқындар көшін азайту жөнінде өзара келісімге келді

422 0

Еуроодақ пен Түркия басшылары арасындағы босқындар мәселесі оң шешімін тапты, деп хабарлады 24.kz.

Брюссельде кезектен тыс саммит өтіп жатқаны белгілі. Еурокеңес төрағасы Дональд Тусктің айтуынша Түркия мен Еуроодақ босқындар көшін азайту жөнінде өзара келісімге келді. Енді Еуропаға жеткізетін негізгі жол жабық. Германия Канцлері Ангела Меркель егер ресми Анкара босқындарды өз елінде қалдыруға келісім берсе, Еуроодақ маусым айынан бастап Түркия азаматтары үшін визалық жеңілдіктер енгізеді деп мәлімдеді. Өз кезегінде Түркия Премьер-министрі Ахмет Давутоглу Еуропа елдері қабылдаудан бас тартып отырған сириялық емес босқындарды өз еліне қабылдауға дайын екенін айтты. Есесіне Еуроодақ соғыс аймағынан шыққан, босқын мәртебесін алуға лайықты Сирия азаматтарын қабылдайды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!