Түркия босқындарды паналату үшін Еуропа Одағынан 6 млрд еуро сұрап отыр

Фотография - Түркия босқындарды паналату үшін Еуропа Одағынан 6 млрд еуро сұрап отыр

Еуропарламенттің төрағасы Мартин Шульц осындай әрекет арқылы заңсыз көші-қонды қалай тоқтатуға болатынын айтып өтті.

307 0

Түркия мемлекеті көші-қон мәселесін шешу жөнінде Еуроодаққа "жаңа ұсыныстарын" мәлімдеді. Осыған орай Брюссельдегі кезектен тыс бір күндік кездесудің мерзімі ұзартылды. Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Премьер-министр Ахмет Даутоғлы Түркияға бас сауғалап келген сириялық босқындарды паналату үшін Еуроодақтан 2018 жылдың аяғына дейін берілетін қаржыны екі есе арттырып, 6 млрд еуро бөлуді сұрады. Сонымен қатар, А.Даутоғлы түрік азаматтарға визасыз режимді ертерек енгізіп, мемлекетті ЕО қатарына қосу туралы келіссөздерді жылдамдату туралы сөз қозғады.

"Бұл саммитте Түркия мен Еуроодақтың бір-біріне қаншалықты қажет екені анықталды. Біздің тараптан жауап күтетін мәселелер көп. Соның барлығын ынтымақтастықпен шеше білу қажет. Бәрін де ортақтасып шешеміз деп сенемін. Түркия Еуроодақпен ынтымақтастық орнатып, оның қатарына қосылуға дайын",- дейді Даутоғлы.

Сондай-ақ, Түркиядан Еуроодаққа аттанып, ол жақтан босқын дәрежесін ала алмай отырған мигранттарды қайтадан мемлекетке қабылдау мүмкіндіктері де бар. Бір сириялық мигрантты қайта Түркияға жіберу үшін, Еуроодаққа Сириядан келген тағы бір босқынды аттандыру ұсынылды.

Еуропарламенттің төрағасы Мартин Шульц осындай әрекет арқылы заңсыз көші-қонды қалай тоқтатуға болатынын айтып өтті.

"Грекия аралдарына заңсыз тасымалданған мигрант қайта Түркияға жіберіліп, ол жақтан тіркелу арқылы ресми түрде босқын ретінде Еуроодақтан пана беріледі. Бұл шара босқындарға емес, аткезшілерге қарсы бағытталып отыр",- дейді М.Шульц.

Осындай ұсыныстар жұмыс барысындағы дастархан басында да талқыланады. Одан кейін Түркияның премьер-министрі мен ЕО қатарындағы 28 елдің көшбасшылары ортақ келісімге келу мақсатында саммиттің мерзімі ұзартылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!