Нигерияда көпқабатты үй құлап, 6 адам қаза тапты

Фотография - Нигерияда көпқабатты үй құлап, 6 адам қаза тапты

Қазіргі таңда арнайы құрылған комиссия апат алаңында жұмыс жасауда.

321 0

Нигерияның оңтүстік-батысындағы Лагос қаласында жаңадан салынып жатқан көпқабатты үй құлап, 6 адам қаза тапты. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Жаңадан бой көтеріп жатқан көпқабатты үйдің опырылып түсуі салдарынан құрылысшылар үйіндінің астында қалды. Әзірге жергілікті елдің төтенше жағдайлар қызметі 7 адамды құтқарған. Ал үйіндінің астында қалғандар мен қаза тапқандар және зардап шеккендердің нақты саны белгісіз.

Айта кетейік, 5 қабатты үйдің құлауына басты себеп, ірге тасының берік болмау деген болжам бар. Құтқарушылар жұмысшылардың дерлігі еш жерде тіркеусіз, заңсыз жолмен еңбек етіп жүргендер деп отыр. Қазіргі таңда арнайы құрылған комиссия апат алаңында жұмыс жасауда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!