Биыл Еуропаға 140 мыңнан астам босқын табан тіреді

Фотография - Биыл Еуропаға 140 мыңнан астам босқын табан тіреді

Бұдан басқа, 444 мигранттың біразы із-түзсіз жоғалып, ал қалғаны жол бойында ажал құшқан

215 0

Жыл басынан бері Еуропалық одаққа Жерорта теңізі арқылы 140 мыңнан астам босқын келген. Бұл туралы Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның ресми өкілі Джоэл Миллман мәлімдеді. Бұдан басқа, 444 мигранттың біразы із-түзсіз жоғалып, ал қалғаны жол бойында ажал құшқан. Естеріңізге сала кетейік, Кәрі құрлық елдерін тығырыққа тіреген мигранттарға қатысты қазіргі ауыр жағдай Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бергі ең ірі дағдарысқа айналды. 2015 жылы Еуропаға 1 миллион 800 мың босқын келген, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!