Мұсылмандар немістерді харамнан сақтап қалды

Фотография - Мұсылмандар немістерді харамнан сақтап қалды

Германияның шошқа етін өндіретін мемлекеттік компаниясы мектептер мен балабақшалар асханасын шошқа етімен қамтамасыз етпек болған.

293 0

Неміс жеріндегі Шлезвиг-Гольштейн парламентінің бірнеше депутаты бастапқыда мемлекеттік мектептердегі оқушылардың ас мәзіріне шошқа етін енгізу туралы заң жобасына қолдау танытқан болатын. Германияның шошқа етін өндіретін мемлекеттік компаниясының мектептер мен балабақшалар асханасын шошқа етімен қамтамасыз етем деген арманы, алайда басталмай жатып аяқталды. Шлезвиг-Гольштейн парламенті бұл бастамадан бас тартқандарын мәлімдеді.

Аталмыш заң жобасын мақұлдаған депутаттар өз ұстанымдарын "неміс халқының дәстүрлі тағамдарының бірі шошқа етінен мұсылман және иудейлердің ыңғайына бола бас тартуға болмайды" деп түсіндірген еді.

Соңғы кездері Еуропаға ағылған босқындар легі Германиядағы мектептер мен балабақшалардың этно-діни құрамын өзгертіп жібергені мәлім. Бұл жағдайда мұсылман қауымы харам санайтын шошқа етін ас мәзіріне енгізудің еш қисыны да жоқ. Оның үстіне шошқа етінің зияны медицина саласында да дәлелденген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!