Израильде әскери әйелдер саны рекордқа жетті

Фотография - Израильде әскери әйелдер саны рекордқа жетті

Олардың көбі өз борышын шекараның ең қауіпті аумағында өтеуді қалайды екен

216 0

Израильде әскер қатарына шақыртылған нәзікжандылардың саны рекордтық көрсеткішке жетіп отыр.

Арулар халықаралық әйелдер күнін де қолдарына автомат ұстап қарсы алды. Израиль әскерінде халықаралық әйелдер күні мерекесін тек қыздардың көңіл-күйінен ғана аңғаруға болады. Ал қалғаны күндегідей темірдей тәртіп. Бүгінгі басты жоспар – танкті қала көшелерінде жүргізудің қыр-сырын үйрену.

 Мири Хамецки, инструктор:
 - Біз сарбаздарға соғыста қалай қимылдау керектігін үйретеміз. Оларды жаттықтырып, кез-келген жағдайға дайын етіп шығарамыз.

Әскери қызметте шыңдалған қыздарды нәзікжанды деп айтуға ауыз бармайды. Себебі мұнда олар ұшақпен ұшып, танкті басқарады. Бұл елде Отан тыныштығына әйелдер де жауапты.

 Юрий Куканов, офицер-инструктор:
- Біз таулы жерлерде жаяу әскердің ұрыс әрекетін үйретеміз. Басты мақсатымыз осы. Ал сарбаздың жігіт немесе қыз болғаны маңызды емес. Тіпті көп жағдайда әйел адамдар ерлерден де асып түседі.

Бірнеше жыл бұрын нәзікжандылар тек санаулы ғана әскери бөлімшелерде болған. Ал қазір олар қарулы күштердің барлық бөлімінде борышын өтеуде. Тауда, таста, теңізде, әйтеуір қай жерде де нәзік жандылар өз қызметін абыроймен атқаруда.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!