Тунисте лаңкестік шабуылға күдікті 16 адам қамауға алынды

Фотография - Тунисте лаңкестік шабуылға күдікті 16 адам қамауға алынды

Қазір мұнда лаңкестікке қарсы арнайы операция жалғасып жатыр.

285 0

Тунистің Ливиямен арадағы шекарасында орналасқан Бен-Гердан қаласына шабуыл ұйымдастырған 16 күдікті қамауға алынды.

 Қазір мұнда лаңкестікке қарсы арнайы операция жалғасып жатыр. Естеріңізде болса, 7 наурызда содырлар Бен-Гердан қаласындағы шекаралық бекеттерге шабуыл жасаған еді. Бұл «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымының» ісі болуы мүмкін. Оқиға кезінде 7 тұрғын және 12 жауынгер қаза тауып, 17 адам жараланған. Сондай-ақ 36 содырдың көзі жойылып, қару-жарақ сақталған 3 қойма табылды. Қазір шаһарда қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!