Әлемдік брендтердің артынша Porsche де Шараповамен келісімді үзді

Фотография - Әлемдік брендтердің артынша Porsche де Шараповамен келісімді үзді

Porsche мен Шарапова осыдан үш жыл бұрын келісім-шартқа қол қойған

269 0

Ресей теннисшісі Мария Шарапованың допинг-тестке қатысты дауынан кейін әлемнің ірі компаниялары одан бас тартты.

Мариямен бірінші болып әріптестік келісім-шартты бұзғандардың қатарында спорт тауарларын шығаратын атақты Nike, швейцариялық сағаттар маркасыTAG Heuer. Олардың ізін суытпай Porsche көлігін шығаратын неміс концерні де үзілді-кесілді шешім қабылдаған. Әйгілі тенннисші аталған брендтердің бірнеше жыл бойы жарнамалық бейнесі болып келген еді. Айта кеткен жөн, Porsche мен Шарапова осыдан үш жыл бұрын келісім-шартқа қол қойған. 2015 жылы Ресей тенисшісі 29 млн доллар пайда тапса, оның 22 млн доллары жарнаманың арқасында келген. Сарапшылардың айтуынша, енді Мария жарыстарға екі жылдан төрт жыл мерзімге дейін қатыстырылмауы мүмкін.

Натали Коглин, жүзуден әлем чемпионы:
- Шынымды айтсам, Марияның допинг-тесті бойынша көп мәлімет білмеймін. Бірақ онысын көпшілікке мойындауы аса маңызды. Осылайша, ол барлық жауапкершілікті өз мойнына алатындығын көрсетіп отыр. Дегенмен бұл таңқаларлық жағдай. Себебі бір тест үшін барынан айырылатынын жақсы түсініп тұр ғой.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!