Пхеньян Сеулмен экономикалық байланысты үзді

Фотография - Пхеньян Сеулмен экономикалық байланысты үзді

Ресми Пхеньян бұл қадамға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі оған қарсы экономикалық шектеулер енгізгеннен кейін барды

183 0

Солтүстік Корея мен ресми Сеул арасындағы барлық экономикалық ынтымақтастық доғарылды. Ресми Пхеньян бұл қадамға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі оған қарсы экономикалық шектеулер енгізгеннен кейін барды, деп хабарлайды "Ренхап".

Сондай-ақ Пхеньян Солтүстік Кореядағы Кымгансан тауларында туризмді дамыту жобасын тоқтатып, Кэсон өндірістік аймағының жұмысын доғарған Оңтүстік Кореяның активтерін сатып жіберетінін айтты. Ал таяуда ғана Солтүстік Корея Жапон теңізінің айдынына қатарынан 2 баллистикалық зымыран ұшырған болатын.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!