Исламды қабылдаған "әлем аруы" Дубайға көшті

Фотография - Исламды қабылдаған "әлем аруы" Дубайға көшті

Ол өз іздегенін қасиетті Құраннан тапқасын мұсылмандықты қабылдап, Алла дінін үйренуге ден қойған

364 0

"Әлем аруы" атағының иегері, белгілі сәнқой Маркета Коренкова Ислам дінін қабылдап, ендігі өмірін БАӘ-де өткізетін болып шешті. Асыл дініміздегі әйелдер мәртебесін жайлы оқып-білу оның ақыр соңында мұсылман атануына алып келіпті.

Лондон қаласындағы киім өндіретін және Прага қаласында жарнама компанияларының қожайыны бола тұра ол өзінің ұзақ уақыт бойы күйзелісте болғанын айтады. Бұдан арылу үшін ол, тіпті, христиан дініне терең бой ұсынған. Бірақ, бірде-бір көмегі болмаған көрінеді.

Ол өз іздегенін қасиетті Құраннан тапқасын мұсылмандықты қабылдап, Алла дінін үйренуге ден қойған. "Дубайда тұрғым келеді. Алла дінін тереңірек танып-білуіме осы жерде тұрғаным оң септігін тигізеді", – дейді ол.


muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!