Қылмыскер өзі кепілге алған ерлі-зайыптылардың қолынан қаза тапты

Фотография - Қылмыскер өзі кепілге алған ерлі-зайыптылардың қолынан қаза тапты

Полицияның мәліметіне қарағанда пышақпен қаруланған қылмыскер 3 адамды кепілге алған.

379 0

АҚШ-тың Миссисипи штатында ерлі-зайыптылар өздерін кепілге алған қылмыскерді атқан. Бұл туралы ТАСС жазды. 

Полицияның мәліметіне қарағанда пышақпен қаруланған қылмыскер 3 адамды кепілге алған. Олар – әкесі, анасы және 5 жасар ұлы. Түрмеден қашқан кәнігі қылмыскер бейсенбі күні үш адамды кепілде ұстаған болатын. Миссисипи штатында қылмыскер кепілдегілердің қолынан қаза тапты. Ол туралы Виксбург қаласының полициясы хабарлады. 

Қылмыскердің жеке басы анықталған. Ол түрмеден қашып, бір аптадан астам уақыт іздеуде жүрген 34 жастағы қылмыскер Рафаэль Арнес Маклауд болып шықты. Кепілдегі ер азамат қылмыскердің қолынан құтылып шыққан, бірақ қаскөй оның иығын қатты жаралаған. Оқиғада негізгі рөлді баланың анасы атқарған. Ол қылмыскер қамаған бөлмеден шығуға рұқсат алған болатын. Әйел қолына тапаша алып, Маклаудқа бір оқ атқан. Кейін күйеуі дереу тапаншаны алып, тағы бірнеше оқ атқан. Полицияның мәліметінше тұтқында болған әйел мен бала зардап шекпеген. Ер азаматтың алған жарақаты өміріне қауіп тудырмайды. Қылмыскер аса қауіпті болып есептелген. Былтыр 69 жастағы әйелді қасақана өлтірген ол қамауға алынып, кейін жазасын өтеуге түрмеге жіберілген. 

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!