Үнді газеті мұсылмандардан кешірім сұрады

Фотография - Үнді газеті мұсылмандардан кешірім сұрады

Ызаланған жұрт газет редакциясының алдына келіп митинг ұйымдастырып, өз наразылықтарын білдірген.

178 0

Үндістанның Керала штатының мұсылмандары жергілікті малаялам тілінде жарық көретін Mathrubhumi газетінің жартысына жуығын өртеп жіберді. Газеттің сол жолғы нөмірінде әлеуметтік желілердің бірінен алынған пікір жарияланған болатын. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) атына кір келітірп, тіл тигізген мәтін мұсылмандардың ашу-ызасын тудырған. Олар газет редакциясының алдына келіп митинг ұйымдастырып, өз наразылықтарын білдірген.

Бұл оқиғадан соң газет редакциясы бірден өз қателіктерін мойындаған. Үнді газетінің соңғы басылымы үлкен әріптермен мұсылмандар кешірім сұраумен басталыпты.

"Газетте жарияланған пкір олардың ашуын оятқанын түсінеміз. Біз бұл жағдай үшін кешірім сұраймыз", – деп мәлімдеген редакция басшылығы газеттің сол нөміріне жауапты қызметкердің де жазасыз қалмайтынын жеткізді.

muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!