Канадада мұсылмандар зиратында атыс болып, 4 адам жараланды

Фотография - Канадада мұсылмандар зиратында атыс болып, 4 адам жараланды

Атыс салдарынан жарақат алған 4 адам ауруханаға жеткізілді.

453 0

Канаданың Кочрэйн қаласының маңындағы мұсылмандар зиратында атыс болып, төрт адам жараланды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Қолда бар деректерге сүйенсек, қазір оқиға орнын полиция қоршауға алған. Істің жай-жапсары анықталуда. Тәртіп сақшылары куәгерлерден жауап алып жатыр. Атыс салдарынан жарақат алған 4 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Айта кетсек, Кочрэйн Альберт провинциясының ірі мегаполисі саналатын Калгариден солтүстік-батысқа қарай 36 км қашықтықта орналасқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!