Финляндия парламенті еуроаймақтан шығу туралы петицияны талқылады

Фотография - Финляндия парламенті еуроаймақтан шығу туралы петицияны талқылады

Финляндияны еуроаймақтан шығару туралы петицияға 53 мыңнан астам адам қол қойған болатын.

335 0

Финляндия парламенті елді еуроаймақтан шығару туралы петицияны талқыға салады. 

Оны Еуропалық парламент депутаты Пааво Вяюрюнен берген. Ол еуроаймақты тастап, өз валютамызды қайтарып, экономиканы жандандыруымыз керек деп мәлімдеді. Сайсаткердің айтуынша егер парламент петицияны қолдаса, онда үкімет референдум өткізу туралы заң дайындауы тиіс. 2015 жылдың қарашасында Финляндияны еуроаймақтан шығару туралы петицияға 53 мыңнан астам адам қол қойған болатын. Бұл елде азаматтық бастама парламентте қаралуы үшін оны 50 мың адам қолдауы керек. Көптеген сарапшылар Финляндияның экономикасы 1995 жылы Еуропалық одақ құрамына кіргеннен кейін әлсіреп кетті деп есептейді.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!