Германияда босқын жанып жатқан ұшақтан жолаушыларды аман алып қалды

Фотография - Германияда босқын жанып жатқан ұшақтан жолаушыларды аман алып қалды

Ирак азаматы апатқа ұшырап, жанып жатқан жеке ұшақтағы жоларшыларға көмектесіп, аман алып қалды.

267 0

Германиядағы босқындар лагерінде тұратын Ирак азаматы апатқа ұшырап, жанып жатқан жеке ұшақтағы жоларшыларға көмектесіп, аман алып қалды. 

Бұл туралы russian.rt сайты жазды. Ол уақытта 34 жастағы Хассаниен Салман үйінде болған. Қатты естілген дыбыстан далаға шығып, босқындар лагерінен 200 метр қашықтықта ұшақтың апатқа ұшырағанын көрген. Бұрын мал дәрігері болған ол ойланбастан оқиға орнына, ұшақ сынықтары шашылып жатқан жерге барған. 

Ұшақта 4 адам болған. Оның екеуі жеңіл жарақаттанған, сондықтан өз еріктерімен ұшақтан шыққан. Ал қалған екеуінің жағдайы ауыр болыпты. Салман бензиннің иісін сезген, ұшақтың жалындап жанып келе жатқанын байқаған. Ол басқа босқындармен бірге жалынның бағытын өзгертіп, ұшақ кабинасына барып, жараланғандарды шығарып алды. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенше Салман жарақат алғандардың біреуіне көмектескен. Кейін жараланғандарды келген дәрігерлерге тапсырған. Оқиға орнына жеткен полиция өкілі Салманның әрекеті ерлік екендігін айтты.



24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!