Чехияның халықаралық тас жолында автобус пен жүк көлігі соқтығысты

Фотография - Чехияның халықаралық тас жолында автобус пен жүк көлігі соқтығысты

Тергеу ұсынған мәліметтерге сүйенсек, жол апатына автобус жүргізушісі себепкер болған.

398 0

Чехияның солтүстік-шығысындағы Солтүстік Моравияда жол апаты орын алды. Простеев пен Оломоуц қалалары арасындағы халықаралық тас жолда автобус пен жүк көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

"Бір адам қаза тауып, алтауы жараланды. Қазір аталған жолда қозғалыс уақытша тоқтатылды", - деп мәлімдеді журналистерге полиция өкілі Мария Штрбакова.

"Автобус салонында 50 студент отырған. Жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті. Жарақат алған жолаушылардың барлығы жергілікті ауруханаларға жеткізілді", - деп нақтылады ол.

Тергеу ұсынған мәліметтерге сүйенсек, жол апатына автобус жүргізушісі себепкер болған. Ол жол жиегінде тоқтап тұрған жүк көлігін байқамаған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!