729

Бразилияда лай көшкінінен 18 адам қаза тапты

Алғашында 15 адамның мерт болғаны туралы ақпарат тарағанымен, олардың саны 18 адамға жетті.
Фотография - Бразилияда лай көшкінінен 18 адам қаза тапты

 Бразилияның Сан-Паулу штатында толассыз жауған жауынның соңы су тасқыны мен лай көшкініне ұласты. Бұл туралы РИА "Новости" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлайды.

Алғашында 15 адамның мерт болғаны туралы ақпарат тарағанымен, олардың саны 18 адамға жетті. Сондай-ақ, 9 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Құтқарушылар тобы апатты аймаққа дер кезінде жете алмады. Ал 25 мың тұрғын баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды.

Осыған дейін аталған штатқа қарасты Сан-Паулу қаласында халықаралық әуежайдағы барлық рейс кейінге шегерілді. Қала ішінде көлік қатынасы қиындап, бұрын-соңды болмаған 177 шақырымға созылған кептеліс пайда болды.

Загрузка...