Мексикада 5 ай ішінде тұмаудан 182 адам мерт болды

Фотография - Мексикада 5 ай ішінде тұмаудан 182 адам мерт болды

Елдің денсаулық сақтау министрлігі осылай деп дабыл қағып отыр

294 0

Мексикада соңғы 5 ай ішінде тұмаудан 182 адам көз жұмған. Елдің денсаулық сақтау министрлігі осылай деп дабыл қағып отыр. Осы уақыттан бері вирусты жұқтырғандар саны 6 мыңға таяп қалыпты. Тек соңғы бір апта ішінде тұмауға 1800 адам шалдыққан көрінеді. Науқастардың дені Мехико, Халиско, Тласкала мен Пуэбла штаттарында тіркелген. Осы ретте билік жергілікті тұрғындарға ауру белгілері байқалса, бірден медициналық көмекке жүгінуге шақырып отыр, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!