Дональд Трамп Чикагодағы қолдаушыларымен кездесе алмады

Фотография - Дональд Трамп Чикагодағы қолдаушыларымен кездесе алмады

Оған қаладағы Трамп ұсынған саясатқа қарсы адамдардың ереуілі себеп болды

211 0

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамптың Чикагода жоспарланған қолдаушыларымен кездесу шарасы өтпей қалды, деп хабарлады 24.kz.

Оған қаладағы Трамп ұсынған саясатқа қарсы адамдардың ереуілі себеп болды. Жиын өтетін Иллинойс университетінің алдына мыңдаған адам жиналып, миллиардерді «нәсілшіл» деп айыптаған. Кейін жағдай ушығып, Ақ үй басшылығына үміткерді қолдаушылар мен оған қарсы топ арасында қақтығыс болды. Салдарынан бірнеше адам жарақат алды. Осыдан кейін АҚШ президенттігіне үміткердің сайлауалды штабы кездесуді өткізуден бас тартқан. Ал тәртіп сақшылары қызуқандылық танытқан 5 адамды қамауға алды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!