Анкарада жойқын жарылыс болды

Фотография - Анкарада жойқын жарылыс болды

Жарылыс салдарынан 34 адам қаза тауып, 125-і жарақат алды.

647 0

Лаңкестік шабуылдан 34 адам қаза тауып, 125-і жарақат алды. Олардың 19-ы ауыр халде жатыр. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрі хабарлады. 

Естеріңізге саламыз, қанды оқиға кеше жергілікті уақыт 18:45-те қаланың орталығы Қызылай алаңы Гювенпарк саябағына жақын маңда тіркелді. Ресми ақпараттарға сүйенсек, автобус аялдамасында жарылғыш зат тиелген жеңіл автокөлік жарылған. Салдарынан бірнеше әкімшілік автобус мен жол жиегінде тұрған көліктер өртке оранды. Жарылысты әлі ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ. Дегенмен "Күрдістан жұмысшы партиясының" содырлары ұйымдастыруы мүмкін деген болжам бар. Елдің Ішкі істер министрі Эфкан Ала лаңкестік жарылысты ұйымдастырғандардың есімі бүгін анық болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Эфкан Ала, Түркия Ішкі істер министрі: 

- Анкарадағы автобус аялдамасында жарылғыш зат орнатылған автокөлік жарылды. Осы іске қатысты бізде нақты айғақтар бар. Тергеу амалдарының алғашқы қорытындысы бүгін дайын болуы мүмкін. Егер солай болса, біз террорлық әрекетке қатысы барларды атын атайтын боламыз.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!