Германиядан ай сайын шамамен 3000 босқын кері қайтуда

Фотография - Германиядан ай сайын шамамен 3000 босқын кері қайтуда

Бұл көрсеткіштер ИСИМ құрсауынан Ирак жерінің азат етілуіне сәйкес өсіп келеді

300 0

 

Германия басшысы Ангела Меркельдің айтуынша, ай сайын неміс жерінен 3000-ға жуық босқын өз отандарына қайтып жатқан көрінеді. Бұл көрсеткіштер *ИСИМ құрсауынан Ирак жерінің азат етілуіне сәйкес өсіп келеді дейді Германия канцлері.

Осы пікірін қуаттай түскен ол Еуропаны «басып қалған» босқындар легін азайтудың басты жолы ИСИМ лаңкестік тобымен күресті күшейту деп атап өтті.

Айта кетейік, сарапшылар 2016-жылы Германия аумағына Сирия мен Ирак жерінен 500 000-ға жуық босқын келеді деп болжам жасап отыр.


*ИСИМ - Қазақстан аумағында қызметіне тиым салынған террористік ұйым


muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!