Анкарадағы жарылысты ер мен әйел адам ұйымдастырған

Фотография - Анкарадағы жарылысты ер мен әйел адам ұйымдастырған

Лаңкестердің екеуі де оқиға орнында қаза болғандығы анықталды

255 0

Кеше кешкісін Түркия астанасы – Анкарадағы жарылысты 1 әйел мен 1 ер адамның ұйымдастырғаны белгілі болды. Бұл туралы Haber7.com хабарлайды.

Лаңкестердің екеуі де оқиға орнында қаза болғандығы анықталды. Оқиға орнына жұмылдырылған ішкі істер қызметкерлері жанкешті әйелдің жеке куәлігін де тапқан. С.Ч.Д есімді азаматша Балыкесир университетінің түлегі екен. Ол 2013 жылы лаңкестік ұйым қатарына қосылған.

 Өртке оранған автобустың артында келе жатқан автобустағы Доған Ашык есімді куәгердің айтуынша, жарылысқа дейін бір көліктің әлгі автобусқа жақындап келгендігін және отты жарылыстың 2 рет болғандығын айтты. Бұған қоса ол жарылыстың жойқын болғандығы соншалық автобустың терезесінен сыртқа ұшып түскенін алға тартты.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!