Македонияда 3 босқын суға батып кеткен

Фотография - Македонияда 3 босқын суға батып кеткен

Полиция олар көршілес Грекиядан ел аумағына заңсыз жолмен өтпек болған деп мәлімдеген

199 0

Македониядағы Сува өзенінен 3 мигранттың жансыз денесі табылды. Полиция олар көршілес Грекиядан ел аумағына заңсыз жолмен өтпек болған деп мәлімдеген. Сонымен қатар БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттігі шекараны өзен арқылы кесіп өтуге әрекет жасаған 20-дан астам босқынның құтқарылғанын хабарлады. Айта кетейік, бірқатар еуропалық елдер мигранттар үшін Балқан бағдарының жабылғанын жариялаған болатын. Содан бері Македония өз аумағына Сирия мен Ирактағы соғыстан қашқан босқындарды ғана өткізіп жатыр. Осы елдің Грекиямен арадағы шекарасында 12 мыңнан астам мигрант жиналып қалған, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!