Альбина Әшім: Анкара көшелерінде киімдері қанға боялған адамдар жүгіріп жүрді

Фотография - Альбина Әшім: Анкара көшелерінде киімдері қанға боялған адамдар жүгіріп жүрді

Қазақстандық Анкарадағы жарылыстан кейін не болғанын айтып берді

837 0

 Түркия астанасында тағы бір жарылыстан соң өмір қалай өзгерді? Жергілікті халық үкіметтің ісіне неге наразы? Бұл туралы Today.kz редакциясына берген сұқбатында отбасымен бірге уақытша Анкрада тұрып жатқан қазақстандық Альбина Әшім айтып берді.

– 13 наурыздағы теракт туралы қалай білдіңіз?

– Теракт туралы күйеуімнен білдім, ол – тілші. Оған оқиғаның куәгері – Қазақстаннан келген студент қыз қоңырау шалған. Жарылыс кезінде ол қыз сол маңда болған. Ол жердің сілкінгенін сезіп, есеңгіреп қалған. Бірден менің күйеуіме қоңырау шалды, ал ол оқиға орнына дереу аттанып, алғашқылардың бірі болып жеткен. Оның көргені адам шошырлық: айнала қан, жаралылар көп. Ол жерден халық үрейлене қашқан және көбінің үсті қан.

Оның түсіру тобы тек 15 минут қана жұмысын істей алған, ары қарай ол жерді қоршауға алып, журналистерді ақпараттан шектеді. Қазіргі кезде үкімет журналситерге теракт туралы толық ақпарат таратуға рұққсат бермей отыр. Ал халық наразы, керісінше, мұны ашық айту керек деп отыр, адамдар өздерін мұндайдан сақтап қалуы үшін.

Жарылыс Анкараның орталығында болды дейді.

– Иә, бұл жағдай қаланың тап ортасында болды. Бұл өте жиі қоныстанған аудан. Ол жерде метро мен автобус бағыттарының негізгі тараулары орналасқан, сондықтан адам көптеп жиналатын сатнциялар мен аялдамалар көп. Ол жерде тәулік бойы адамдар нөпірмен жиналады. Сондықтан құрбандар көп. Жарылғыш зат қойылған көлік автобустың жанында жарылды емес пе.

 

Айтпақшы, өткен айда болған теракт те автобустың жанында болған. Бірақ ол кезде әскери автобус болатын. Бомба да сол ауданда қойылған. Екі жарылыс та көшедегі қарбалас уақытында орын алды: біріншісі – алты жарым шамасында, ал мынау – жеті жарымда. Яғни, осы кезде көшеде кептеліс, адамдар көптеп жиналады. Барлығы автобус күтіп тұрған. 


– Ал қалада жалпы өмір баяғынша жалғасып жатыр ма?

– Орталық көшелер жаблғандықтан адамдар күнделікті бағытын өзгертуде. Нәтижесінде жолда өте үлкен көлік кептелістері туындайды. Кеше кешкісін және түнде кептелістер болғаны нақты.

Адамдар қорқынышпен жүр. Кеше күйеуім және мен біздің қазақстандық студенттермен сөйлестік. Олар бір-бірін абай болып, артық еш жерге шықпауға шақыруда. Бізде күнделікті сол көшемен өтетінбіз. Енді айналып өтуге тырысатын шығармыз.

Түсінесіз бе, алғашқы терактіден кейін барлығы босаңсып кетті. Бір ай өтті, енді астананың орталығында жарылыс болады деп ешкім ойламаған. Осы езде...

Біз қазір де сауда үйлеріне баруға қаймығамыз. Бірақ ол жерлерде әр теракт сайын күзетті күшейтеді. Өткен айда барлық сауда үйлерінде жүктерді, сөмкелерді тексерген, тіпті көлік астын қарайтын.

Жақында тағы бір бомба табылды деп жатыр. Бірақ ол жерде жарылыс болмаған. Біздің ауданнан алыс емес жерде сауда үйі бар. Жарылғыш зат салынған көлік соның маңында тұрақта тұран. Соңғы кезде сондай қорқынышты болып кетті.

Бұрын менен Түркияда шынымен соғы жүріп жатыр ма деп сұрайтын. Мен ондай ештеме көрмедім, бұл жерде бәрі тыныш деп жауап беретінмін. Ал енді астананың қақ ортасында жарылыстар болып жатқан соң, қорқынышты.

– Соңғы теракттің егжей-тегжейі белгілі болды ма?

– Қазір БАҚ сұмдық бір оқиғаны жазуда. Жарты жылдай бұрын Анкрада теміржол вокзалында жарылыс болған. Бұл дегеніңіз қаланың орталығы ғой. Ол кезде жігіт қаза тапқан. Сол кезде оның досы қанмен "Терроризмді қарғыс атсын" деп жазған деседі. Сол жігіт кешегі жарылыста қаза болған екен.


Ал ол темір жол вокзалымен байланысты біздің отбасы үшін тіптен қорқынышты жайт болған. Сол күні терроризмге қарсы шеру өту керек болған. Шараның орны мен уақыты алдын ала белгілі. Ол жерде барлық қатысушылар кездесіп, ары қарай жүру керек болған. Менің күйеуім ол жерге сағат 10-да бармақ болған. Оператор оған ол жерге бармай-ақ қояйық, бірден шеруге барсақ болды деп көндіреді. Сосын олар түсірілімді сағат екіге ауыстырып, вокзалға бармады. Ал жарылыс дәл сол жерде сағат 10-да болған.

– Күйеуіңізді жұмысқа жіберуге қорқатын боларсыз?

– Йә, кеше ол теракт орнына барғанда өзіме орын таппадым. Оған айтам: "Тез-тез түсір де, үйге қайт". Ол үшін қорқамын.

Қазір мен Қазақстандағы бейбітшіліктің бағасын өткір сезіндім. Біз түріктермен сөйлескенде еңбекақыны, пәтер құнын салыстырып қалатын кездер болған. Сонда, біздегі өмір деңгейі сәл төмен болып шығады. Сосын олар сұрайды: "Ал сендерде терроризм бар ма? Соғыс бар ма? Осы ғой маңызды". Сол кезде біз бұл тіршілікте барлығының материалдық өлшеммен белгіленбейтінін түсіндік.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!