Қиярдың арқасында 4 жасар бала лаңкес бола жаздады

Фотография - Қиярдың арқасында 4 жасар бала лаңкес бола жаздады

Тәрбиелеушілер балақайдың суретті сооker bomb (бомба жасаушы) деп атағанын естіп, бұл жайында оның ата-анасына және полицияға хабарлаған.

374 0

Британиядағы балабақшалардың бірінде тәрбиеленетін төрт жасар балдырған ойламаған жерден лаңкес бола жаздады. Балабақшадағы сабақтардың бірінде ол қияр турап жатқан адамды салған көрінеді. Бәленің бәрі осыдан басталған!

Тәрбиелеушілер балақайдың суретті сооker bomb (бомба жасаушы) деп атағанын естіп, бұл жайында оның ата-анасына және полицияға хабарлаған. Ал, негізінде, балақай бұл суретіне ағылшын тілінде айтылуы жаңағы сөз секілді cucumber (қияр) деген атау берген көрінеді.

Ата-анасының қуанышына орай, оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері ешқандай іс қозғамаған. "Мен естігенде, есімнен танып қала жаздадым" деген анасы балақайды алып кетеді екен деп қорқып кеткенін айтады.

Өйткені, бұндай оқиға күлкілі көрінгенімен, елдегі радикализммен күрес бағытындағы "Prevent" (алдын алу) бағдарламасы бойынша жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Биылғы жылы қаңтар айында британияда 10 жасар мұсылман оқушысының шығармасындағы terraced house (таунхаусте тұрамын) деп жазудың орнына қателесіп, terrorist house (терроршылардың үйінде тұрамын) жазғаны үшін үйіне тінту жүргізілгені бар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!