Ресей Сириядағы әскерінің негізгі бөлігін қайтарады

Фотография - Ресей Сириядағы әскерінің негізгі бөлігін қайтарады

Ресей күштері 400 елді мекенді жергілікті билік әскерінің бақылауына өткізуге көмектескен.

253 0

Бүгіннен бастап Ресей әскерінің негізгі бөлігі Сирия аумағынан шығарыла бастайды.  Бұл туралы Владимир Путин Сыртқы істер және Қорғаныс министрлерімен өткен кездесуінде мәлімдеді.

Ресей Президенті Кремльдің бұл қадамы Сириядағы қарсы тараптарды бітімге шақыру үшін жасалғанын айтты. Күні бүгінге дейін Сириядағы әскери операциялар барысында Ресей күштері 400 елді мекенді жергілікті билік әскерінің бақылауына өткізуге көмектескен. Әуе соққылары арқылы лаңкестік ұйымдардың бақылауында болған 209 мұнай өндіру нысанын қиратты. Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті -Қорғаныс министрлігіне жүктелген тапсырмалар орындалды деп есептеймін. Сондықтан Қорғаныс министріне 15 наурыздан бастап біздің әскердің негізгі бөлігін Сирия Араб Республикасынан шығаруды бұйырамын. Ресей тарапының бұл ұйғарымына қатысты Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы өз пікірін білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Кремльдің Сирия аумағынан авиациясын шығару және әскери әрекеттерін доғару туралы шешімі қақтығысқан тараптардың бейбіт келісімге келуіне қолайлы жағдай жасайды", – деп есептейді.  

khabar.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!