Түркия әуе күштері терактіге жауап ретінде 40 содырдың көзін жойды

Фотография - Түркия әуе күштері терактіге жауап ретінде 40 содырдың көзін жойды

Бұл туралы елдің әскери өкілдері мәлімдеді.

417 0

Түркия әуе күштерінің Ирак жеріндегі "Күрдістан жұмысшылар партиясы" жауынгерлері бекінген аймаққа жасаған соққысынан 40 содыр қаза тапты. Бұл туралы елдің әскери өкілдері мәлімдеді.

Бас штабтың мәліметтеріне сүйенсек, бірнеше қойма мен қару-жарақ түрлері жойылған. Түркия бұл соққыларды Анкарада жасалған шабуылға жауап ретінде жасаған.

 Айта кетейік, 13 наурыз күні Анкарада лаңкестік шабуылдан 37 адам қаза тауып, 120-дан астамы жараланған болатын. Жарылысқа жауапкершілікті ешқандай лаңкестік ұйым мойындаған жоқ. Дегенмен билік өкілдері шабуыл артында «Күрдістан жұмысшылар партиясының» содырлары тұрғанына сенімді.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!