АҚШ Кубаға қатысты бірқатар санкцияны жойды

Фотография - АҚШ Кубаға қатысты бірқатар санкцияны жойды

Енді аралдағы мемлекеттің тұрғындары АҚШ банктерінен есепшот аша алады.

163 0

АҚШ Кубаға қатысты банк және туризм салаларындағы бірқатар санкцияны алып тастады.

 Ал АҚШ-та тұратын кубалықтар үшін еңбекақы мен өтемақыны ресми түрде алуға мүмкіндік ашылды. Бұдан басқа, АҚШ азаматтары Кубаға білім алу және саяхаттау мақсатында кедергісіз бара алады.

Айта кетейік, Барак Обама Кубаға 21-22 наурызда ресми сапармен бармақ. Бұл АҚШ тарапынан президенттің соңғы 88 жылдағы Кубаға алғаш рет ат басын бұруы болып отыр. Б.Обаманың басты мақсаты – сауда-саттық қарым-қатынасын дамыту.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!