Норвегияда 77 адамды өлтірген қылмыскер абақтыдағы өмір сүру жағдайына алаңдаулы

Фотография - Норвегияда 77 адамды өлтірген қылмыскер абақтыдағы өмір сүру жағдайына алаңдаулы

Төрт жыл бұрын Брейвик 21 жылға сотталды

217 0

Норвегияда 2011 жылы Осло мен Утейя аралында лаңкестік әрекеттер жасаған Андерс Брейвиктің ісіне қатысты сот процесі басталды, деп жазды 24.kz.

 Оның қолынан 77 адам қаза тапқан болатын. Төрт жыл бұрын Брейвик 21 жылға сотталды. Содан бері ол жұрт көзіне көрінбеді. Бірақ жақында ол арызданушы ретінде қайта пайда болды. Жазасын өтеуші Норвегия билігін жан төзгісіз жағдайда ұстап отыр деп айыптаған. Адвокаты үкімет оны күшпен оқшаулау арқылы адам құқықтары жөніндегі еуропалық конвенцияны өрескел бұзып отырғанын айтады. Бірақ билік мұндай жеке ұстау шарасы қылмыскер экстремистік желі құрмауы үшін қолға алынғанын мәлімдеді. Сот тыңдауы қауіпсіздік мақсатында түрменің спорт залында өткен. Қазір Брейвик жеке жаттығу залы, интернетке шықпайтын компьютері мен ойын қосымшасы бар 3 бөлмелі жалғыз адамдық камерада жазасын өтеуде.

"Көп адамдар Брейвик бұл сот ісін жұрт көзіне түсу үшін әдейі бастап отыр деп ойлайды. Бірақ олай емес. Мәселе оның қалған ғұмырындағы өмір сүру жағдайына байланысты болып отыр. Менің ойымша бұл – маңызды мәселе", -дейді Андерс Брейвиктің адвокаты Ойстейн Сторвик





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!