764

Ыстамбұлда 20 күдікті қамауға алынды

Тексерістер Ыстамбұлдың 16 ауданында бір уақытта жүргізілді
Фотография - Ыстамбұлда 20 күдікті қамауға алынды

Ыстамбұлда лаңкестікке қарсы тексерістер кезінде 20 адам қамауға алынды. Олар ресми Анкара экстремистік ұйым деп таныған "Күрдістанның жұмысшы партиясына" қатысы бар деген күдікке ілінген, деп жазды 24.kz

Тексерістер Ыстамбұлдың 16 ауданында бір уақытта жүргізілді. Операцияға полицияның жедел әрекет ету жасағынан басқа, тікұшақтар да тартылды. Қамауға алынғандар арасында қоғамдық ұйымдардың адвокаттары да бар. Осындай тексерістер Ыстамбұлдан өзге 8 провинцияда өткен. Бұл туралы Түркиядағы тілшіміз Ержан Жүніс хабарлады. Аталған шаралар жақында ел астанасында болған лаңкестік әрекеттермен байланысты. Айта кетейік, 13 наурызда 2 жанкешті Анкарада жойқын жарылыстар жасап, 37 адамды қырып салған болатын. Тағы 120-сы жараланған.

Загрузка...