Еуроодақ Түркияға қосымша 3 млрд еуро бөлуі мүмкін

Фотография - Еуроодақ Түркияға қосымша 3 млрд еуро бөлуі мүмкін

Алайда ол үшін түріктер бұған дейін тура осындай көлемде бөлінген қаражатты толық жұмсап бітуі тиіс

215 0

Еуроодақ мигранттарға қатысты туындаған мәселені шешу үшін Түркияға қосымша 3 миллиард еуро бөлуі мүмкін, деп жазды 24.kz.

 Алайда ол үшін түріктер бұған дейін тура осындай көлемде бөлінген қаражатты толық жұмсап бітуі тиіс. Бұл туралы 17-18 наурыз аралығында Брюссельде өтетін Еуроодақ саммитінің ұйымдастырушылары хабарлады. Алқалы жиында одаққа мүше елдердің басшылары Түркия премьер-министрімен босқындарға қатысты туындаған ахуалды талқылауы тиіс. Естеріңізде болса, 3 ақпанда Еурокомиссия Түркияға 3 миллиард еуро көлемінде қаржылай көмек көрсету жоспарын мақұлдаған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!