АҚШ-тың мұнай қоры туралы мәлімет жарияланысымен әлемдік мұнай бағасы көтерілуде

Фотография - АҚШ-тың мұнай қоры туралы мәлімет жарияланысымен әлемдік мұнай бағасы көтерілуде

Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына мамырдағы фьючерстердің құны 3,12%-ға – барреліне 39,95 долларға өсті.

396 0

Базалық мөлшерлеме бойынша америкалық реттеушінің шешімі жария етілгеннен кейін сәрсенбіде әлемдік мұнай бағасы өсуді үдеткенін сауда мәліметтері растап отыр, деп хабарлайды  РИА Новости.

Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына мамырдағы фьючерстердің құны 3,12%-ға – барреліне 39,95 долларға өсті. WTI маркалы мұнайға сәуірдегі фьючерстердің бағасы 4,68%-ға – барреліне 38,04 долларға дейін өсті.

Мұның алдында Brent маркалы мұнай бағасы 3,02%-ға, 39,91 долларға дейін, ал WTI маркасы 4,02%-ға, 37,8 долларға дейін өскен.

АҚШ-тың Федералдық қор жүйесінің (ФҚЖ) ашық нарықтары жөніндегі комитеті кезекті отырыстың қорытындысы бойынша базалық пайыздық мөлшерлемені жылдық 0,25-0,5% деңгейінде сақтап қалды.

bnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!