Германия Түркиядағы дипломатиялық қызметін уақытша тоқтатты

Фотография - Германия Түркиядағы дипломатиялық қызметін уақытша тоқтатты

Ыстамбұл қаласының билігі неміс үкіметінің бұл қадамын теріс көріп, ел ішіндегі жағдай ушығып кетуі мүмкін деп алаңдайды.

299 0

Германия қауіпсіздік шараларына байланысты Түркиядағы дипломатиялық қызметін уақытша тоқтатып, неміс мектептеріне біркүндік демалыс жариялады. 

Алайда бұл шешім ресми Анкараның наразылығын тудырып отыр. Ыстамбұл қаласының билігі неміс үкіметінің бұл қадамын теріс көріп, ел ішіндегі жағдай ушығып кетуі мүмкін деп алаңдайды. Ресми мәлімдемеде: "Еліміздегі кейбір шетелдік өкілдер құзырлы органдармен байланыс орнатпастан, қоғамды дүрліктіретін шешімдер қабылдайды. Бірақ мыңжылдық тарихы мен мемлекеттік құрылымы бар еліміздің түрлі қауіп-қатерге тойтарыс бере алатын қауқары зор",- делінген. 

Франк-Вальтер Штайнмайер, Германия Сыртқы істер министрі:

- Біздің қауіпсіздік күштеріміз Германияның Түркиядағы өкілдіктеріне қарсы лаңкестік әрекеттер дайындалып жатыр деген нақты ақпарат алды. Сондықтан мен Анкарадағы Германия елшілігін, Ыстамбұлдағы Бас консулдықты және осы 2 қаладағы неміс мектептерін жабу туралы шешім қабылдадым. Сонымен қатар осы ұйымдардағы қауіпсіздік шаралары күшейтілмек. Бұдан басқа біз неміс азаматтарынан алдағы күндері саяхатқа шығарда сақ болуларын өтінеміз.

/24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!