5 жасар палестиналық бала "Реал" футболшыларымен кездесті

Фотография - 5 жасар палестиналық бала "Реал" футболшыларымен кездесті

5 жасар палестиналық Ахмед Давабша есімді балақайдың арманы орындалды.

328 0

Мадридтік "Реал" футбол командасының футболшылары ата-анасынан айырылған 5 жасар палестиналық баламен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz

5 жасар палестиналық Ахмед Давабша есімді балақайдың арманы орындалды.

"Реал Мадрид" футболшылары жаттығатын Сантьяго Бернабеу стадионында палестиналық бала Реалдың үздік ойыншылары Криштиану Роналду, Марсело Виейра, Лука Модрич, Пепе және басқа да ойыншылармен кездесті.

Ахмед Давабша Испанияға туыстарымен бірге келді.

Реалдың кішкентай жанкүйері стадионды аралап, сыйлыққа футболистердің қолтаңбасымен жейде алды.

Айта кетейік, Ахмед Иорданияның батыс жағасында орналасқан Дума қыстағында ата-анасы және інісімен тұрған. Өткен жылдың шілде айында олардың үйіне шабуыл жасалды. Үйлері өртке оранып, салдарынан ата-анасы және інісінен көз жұмды, балақай өзі бірнеше ай ауруханада дәрігерлердің қарауында болды.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!