Стамбулда Таксим алаңының маңында жарылыс болды

Фотография - Стамбулда Таксим алаңының маңында жарылыс болды

Жаралылар бар, дегенмен, олардың саны бойынша нақты ақпарат жоқ

606 0

Стамбулда Таксим алаңының маңындағы Истикляль даңғылында жарылыс болды, деп жазады Today.kz белгілі ТАСС агентігіне сілтеме жасай отырып. Жаралылар бары хабарланды, алайда, олардың саны беогісіз.

Оқиға орнына дәрігерлер мен өрт сөндірушілер келіп жетті. Полиция оқиға орнын қоршауға алды. Жарылғыш заттың қайда болғаны туралы ақпарат жоқ. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, оқиға Бейоглу ауданындағы террористер жиі жарлыс жасайтын Истикляль даңғылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам көз жұмып, жеті адам жараланды.

Естеріңізге салсақ, 13 наурызда Анкара орталығында Ататүрк бульварында жарылыс болған. Ол кезде 34 адам көз жұмып, 125 адам жараланған болатын. 17 ақпанда Анкарада әскери жатақхана маңында көлік жарылған болатын. Мұны мойнына күрд содырлары алған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!