Cтамбулдағы жарылыстан бес адам қаза тапқан

Фотография - Cтамбулдағы жарылыстан бес адам қаза тапқан

Тағы 20 адам жараланған

673 0

Стамбулдың танымал туристік орталық - Таксим алаңының Ыстыклал көшесінде болған жарылыстан қаза тапқандардың саны 5 адамға жетті.

Қала губернаторы Васип Шахинның айтуынша оқиға ортасында 20 азамат жараланған. Олар жергілікті ауруханаға жеткізілді. Жарақат алған 3 кісінің жағдайы аса ауыр деп бағалануда.

Айта кетейік, бүгін Астана уақытымен сағат 15:00-де Стамбул қаласындағы танымал туристік орталықтарының бірі Ыстыклал көшесінде бір жанкешті өзін-өзі жарып жіберді. Қазір полиция лаңкестік оқиғаға байланысты тергеу амалдарын бастап кетті.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!