Лондонда ханшайым Диананың құрметіне бақ ашылады

Фотография - Лондонда ханшайым Диананың құрметіне бақ ашылады

Келер жылы тек ғана британдықтардың емес, өзге де жұрттың сүйіктісіне айналған ханшайым Диананың өмірден озғанына 20 жыл толады

239 0

Бұл туралы ханзада Уильямнің ресми резиденциясы - Кенсингтон сарайында мәлімдеме жасалды. Келер жылы тек ғана британдықтардың емес, өзге де жұрттың сүйіктісіне айналған ханшайым Диананың өмірден озғанына 20 жыл толады. Ханшайымның есімін халық жүрегінде мәңгі сақтап қалу мақсатында ашылатын баққа Диананың аты беріледі, деп хабарлайды The Telegraph. Қазір осы мақсатпен құрылған жоспарды іске асыру жөнінен жұмыстар қолға алынды. Егер барлығы ойдағыдай болса, бақ 2017 жылғы тамызда ашылады.  Ханшайым Диана 1997 жылғы 31 тамызда Парижде көлік апатынан қаза тапты, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!