Босқындар Наурыз мерекесін тойлады

Фотография - Босқындар Наурыз мерекесін тойлады

Наурыз мейрамын өз отанымызда тойлауға тиіс едік. Алайда сұм соғыс пен сұрапыл қырғынның кесірінен елден безуге тура келді

352 0

Еуропаға жету жолында дала кезіп жүрген босқындар Наурыз мейрамын тойлады, деп жазды 24.kz. 

Грекияның Идомени елді мекенінде орналасып, отанынан жырақта жүргендер от жағып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірген. Дені – этникалық күрдтер. Олар ұлттық жалауын желбіретіп, бірлескен түрде халық әндерін шырқады. Әсіресе Иран мен түркі елдерінде тойланатын жаңа жыл мерекесі тағдырдың тәлкегіне түсіп, өмірдің азабын шеккен жандар үшін сәл де болса сергек сезініп, көңіл көтеруге себеп болған. Бүгінде мұнда 14 мың босқын тұрақтаған. Еуропаның солтүстігіне бағыт алған олардың жолы Балқан елдері өз шекарасын жауып тастағаннан кейін байланған.

 Азиз Сайда, сириялық босқын: - Наурыз мейрамын өз отанымызда тойлауға тиіс едік. Алайда сұм соғыс пен сұрапыл қырғынның кесірінен елден безуге тура келді. Бірақ бүгін осы жердегі күрдтер жиналып мерекені атап өтіп жатырмыз және қайда жүрсек те ұлыстың ұлы күнін атаусыз қалдырмаймыз.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!