Бельгия билігі әуежайдағы жарылыстарды лаңкестік әрекет деп таныды

Фотография - Бельгия билігі әуежайдағы жарылыстарды лаңкестік әрекет деп таныды

Алдын ала мәлімет бойынша, 10 адам ажал құшып, тағы 15-сі жараланған

255 0

Брюссельдегі Маэльбек метросында жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 10 адам ажал құшып, тағы 15-сі жараланған. Қазір мұнда эвакуация жүріп жатыр. Ал бұған дейін шаһардағы әуежайда қос жарылыс болған еді. Ол кезде 17 адам көз жұмып, тағы 30-ға жуығы жараланған. Бельгия билігі бұл шабуылды лаңкестік әрекет деп таныды. Жарылғыш затты жанкешті іске қосқан. Әуежай қазір жабық тұр. Елдегі лаңкестік қаупінің ең жоғары деңгейі жарияланды. Қазір ел астанасында қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылған.Белгия еліндегі 24.kz меншікті тілшісі Жанат Эрнст хабарлағандай, Бельгия Премьер-министрі шұғыл отырыс өткізіпті. Ол халықты сабырлық танытуға шақырған. Ал еліміздің Сыртқы істер министрлігі зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын тексеруге кірісті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!